Бүгін Орал қаласындағы «Ақжайық» стадионында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға 100 күн қалуына орай жаттығу өтті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз атшысы Арсен Ғұбашевтің айтуынша, жаттығуға қаламыздың 500-ден астам спорт ұйымдарының қызметкерлері мен спортшылары қатысты.
Аталмыш акцияға арнайы қонақ ретінде Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы Алексей Дергунов келіп, спортшылармен бірге жаттығу өткізді.
Айта кетелік, дәл осындай шара қаламыздың барлық ЖОО-да, ЖОББМ-інде өтті.
Эстафета алауы біздің өңірге 27 қаңтарда жетеді.