10.01.2015, 9:11
Оқылды: 77

«Поэзия пайғамбары»


Аталмыш шараға ақын-жазушылар, суретшілер, оқытушы-ғалымдар мен тіл жанашырлары қатысты. Мұражай қорындағы жәдігерлер негізінде сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы Қадыр ақынның өмір жолынан деректер келтіріліп, бейнероликтер көрсетілді. Кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы қолдау білдірді.


 – Биылғы Қой жылының алғаш-қы жұмыс күні Қадыр ағамыздың 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлы тұлғамыз-дың туған күнімен басталған Жаңа жыл барлығыңызға берекелі болғай. Өңір басшысының бастамасымен салынып жатқан Қадыр Мырза Әлі орта-лығының құрылысы кешікпей аяқталады. Кеше барлық аудандарда таңғы сағат 11-де «Алмас жырдың алдаспаны» атты тақырыппен Қадыр ағаны еске алу шарасы бас-талған болатын. Осы кештен жастарымыз жақсы әсер алып, қазақ-тың ұлы ақыны Қадыр ағамызды ұлықтап жүреді деген сенімдеміз, - деді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов.

Шара барысында №6 «Шолпан» балабақшасының бүлдіршіндері Қадыр Мырза Әлидің балаларға арналып жазылған өлеңдерін оқып, келген қонақтарды сүйсін-дірді, Ақ Жайық өлкесінің зиялы қауым өкілдері қазақ поэзиясының алып бәйтерегі, ақберен ақын Қадыр ағамыз жайлы естеліктер айтты.

– Жымпиты орта мектебінде 4-сыныпта пионер қатарына алдым, кейін математика пәнінен сабақ беріп және сол сыныпқа жетекшілік еттім. Шәкіртімнің білімі орташа болғанымен, пысықтығы басым еді. Әсіресе, өзінен үлкен балалармен бірге ойнап жүретіндігі есімде қалыпты, - дейді ақынның ұстазы Асыл Аяпқалиқызы.

Көрмеде Қадыр ағамыздың жеке тұтынған заттары, қолжазбалары, фотосуреттері, куәліктері мен құжаттары көпшілік назарына ұсынылды. Қазақ әдебиетінің дамуына зор үлесін қосқан ақынның өмірден өткеннен кейінгі жарық көрген 18 томдық жинақтарын да осы көрмеден кезіктірдік. БҚМУ филология факультетінің студенттері ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқып, көрерменнің қошеметіне бөленді.


 

 

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале