15.07.2016, 10:19
Оқылды: 70

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырсақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРСАҚ...Қазталов ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазиннің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» атты тақырыпта семинар-кеңес өтті.


Семинар-кеңестің жұмысына  аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр төрағалық жасады.

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин, - басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық, қоғамдық өзекті мәселелер, осы әлеуметтік қауіпті құбылыспен күрес бірқатар мән-жайларға байланысты. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғады.

Аталған заңның талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетілген. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған

жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi, -деді.

Семинар-кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментінің бас маманы Ерік Төлепқалиев осы қаралған мәселеге байланысты  ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңындағы» өзгерістер туралы хабарлама жасап, түсінік берді. 

Семинар-кеңеске қатысушылар осы мәселелерге байланысты сұрақтар қойып, оған жауаптар қайтарылды.

Семинар-кеңестен кейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин жеке адамдарға қабылдау жасады.

www.zhaikpress.kz
Жұлдыз АСҚАР
Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале