Келер жылдың егіні бітік шығуы үшін, Жер ананы баптап, агротехникалық шараларды өз дәрежесіне сай атқару қажеттігі белгілі. Оның үстіне уақтылы өңделген, сүдігер жыртылған жерге түскен дәннің шығымы да тәуір болары анық.
Жыл сайын осындай жұмыстарын жоспарлы өткізіп отыратын «Жарас», «Жаңа жер» шаруа қожалықтары бүгінгі таңға 752 гектар жерде сүдігер жыртып, алдағы жылда салатын егіннің қамын жасауда.
www.zhaikpress.kz
Айсұлу Арыстанова
Шыңғырлау ауданы