13.07.2016, 14:41
Оқылды: 26

Табысты ынтымақтастық жалғасады

ынтымақтастық

 Облыс әкімі Алтай Көлгінов БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі  Юрий Оксамитныймен кездесті.


Өңір басшысы әлемдегі және Қазақстандағы балалардың жағдайын жақсартудағы ЮНИСЕФ-тің маңызды рөліне тоқталып, аталмыш қор мен облыс арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.

-Әріптестеріңізбен бірге біздің өңірге атбасын бұрып келгеніңізге қуаныштымыз. БҰҰ балалар қорының бала құқығын қорғауда атқаратын рөлінің зор екендігін шынайы түсінеміз. Сіздің қор ана мен бала өлімін болдырмау, жетім балалардың құқығын қорғаумен оларға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында бір қатар игі бастамалардың ұйытқысы болуда. Сонымен қатар қоғамға қажетті жанұядағы бала тәрбиесін, отбасы құндылығын әрдайым насихаттап отырасыздар. Бүгінгі біздің өңірге сапарыңыз білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты сынды бір қатар маңызды салаға жаңа серпін беретініне сенімдімін,-деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, 1992 жылы ақпанда Балалар қоры мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар жағдайын бағалауды өткізу үшін тәуелсіз Қазақстанға бірінші миссиясын ұйымдастырды. Бұл барлық балаларды қызылша және полиомелитке қарсы иммундау миссиясы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қызметіне негіз болған бірінші жобасы болды. 1994 жылы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігін ұйымдастырғаннан кейін ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің тұрақты бағдарламасы бойынша жұмысы басталды. Қазақстандағы ЮНИСЕФ балалар қоры әлеуметтік саяси және білімді басқару, денсаулық және балалар мен жасөспірімдердің дамуы, балаларды қорғау секілді үш негізгі бағытта қызмет жасайды.

Облыс басшысымен өткен кездесуде қордың Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный балалар құқығын қорғау мақсатында еліміз бойынша атқарылып жатқан бірқатар істерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында балаларды қорғаудың өзекті мәселелері, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму салаларындағы ынтымақтастықтың алдағы келешегі талқыланды.        

www.zhaikpress.kz
Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале