25.12.2015, 21:08
Оқылды: 15

Тасқалада аудандық бюджет жоспары қаралды

Taskala audandik biudjet  Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті XXXVI сессиясы өтті. Оның жұмысына аудан әкімі С.Әлиев, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Жұбанышев, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.


Сессияның күн тәртібінде: Тасқала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет жөнінде  экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова баяндады.

Үшінші мәселе бойынша аудандық маслихаттың бюджеттік даму, қаржы, рыноктық қатынас мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ә.Сәрсенбаев есеп берсе, аудандық маслихаттың денсаулық сақтау, білім, мәдениет жұмыстары мен тұрғындарды әлеуметтік және құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы осы комиссияның төрайымы Ж.Бисенғалиева баяндады.

Жиын барысында 2016 жылы аудандық маслихаттың сессияларында қаралатын негізгі мәселелер мен аудандық маслихат аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайын бағалау әдістемесі бойынша аудандық маслихат аппаратының басшысы Т.Ержігітова хабарлады.

Күн тәртібіндегі жетінші мәселе Тасқала аудандық маслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №18-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімова баяндады.

Сессия соңында сөз алған аудан басшысы Санжар Жұматайұлы депутаттар корпусы арқылы біраз жұмыстың тындырылғанын тілге тиек етті. Соның ішінде Қазақстан ауылдық округіне су өткізілсе, жол мәселелерінің де біртіндеп іске асып келе жатқаны, сонымен қатар көптен күткен екі елді мекенге көгілдір отынның өтуіне де депутаттардың қосқан үлестерінің мол екенін жеткізді.

Жиын барысында аудан әкімі С.Әлиев №1 Амангелді сайлау округі бойынша аудандық маслихат депутаты В.Федосовқа ауылшаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасын салтанатты түрде табыс етті.

Аудандық маслихаттың кезекті XXXVII сессиясының төрайымы болып №6 Ленин сайлау округінің депутаты М.Нұрмұхамбетова сайланды.

www.zhaikpress.kz  

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале