15.11.2016, 12:10
Оқылды: 30

Халықаралық турнир басталды

%d1%82%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d1%81%d1%81   Орал қаласындағы теннис кортында жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды. Оған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тимур Шаяхметов қатысты.


    - Олимпиадалық жүйе бойынша өтіп жатырған жарысқа 32 ұлдар және 31 қыздар қатысып өз бақтарын сынағалы отыр. Бұндай дәрежеде Орал шаһарында алғашқы рет өткізіліп отыр. Әлемнің тоғыз елінен келген спортшылардың денгейлері жоғары. Бұл жарыстың спортшыларға берер пайдасы өте зор. Аталмыш жарыста көбірек ұпай санын жинай алған теннисшілер үшін, өздерінің спорттағы рейтингісін жоғарылатуына мүмкіндік мол. Үлкен додаларда өнер көрсетіп, еліміздің құрама командасында жүрген Дарья Детковская (Алматы) және Радион Пак (Қарағанды) секілді тәжірибелі спортшыларымыз бар. Қазақстанда теннис ойыны қарқынды даму үстінде. Еліміздің өзге облыстарындағы теннис корттары көбінесе жаттығуға арналған. Оралдағы теннис кортын көріп қуанышқа бөлендік. Сіздердегі спорт ғимараты еліміздегі айтуға тұрарлықтай көрермендер үшін де, спортшылар үшін де өте ыңғайлы теннис корттарының бірі екендігіне көзіміз жетті. Алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі жарыстарда еліміздің көк байрағын желбірететін жастарымыз шығатынына сенімдімін,- дейді халықаралық дәрежедегі төреші Александр Щербина.

    Сейсенбі күні басталған халықаралық турнир 19-шы қарашаға дейін жалғасады.

Темірболат ӘНУАРҰЛЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале