Биылғы жылы лубендіктер мол мал азығын жию қамында. Шыңғырлау ауданындағы селолық округтің шаруа қожалықтары науқанға тиянақты әзірлікпен келіп, әр гектарына 6 центнерден шөп орып, бүгінгі таңға 120 мың центнер мал азығын жиып алды.
2000 гектар жердің жасыл майсасын орған 10 шаруа қожалығы және жеке тұрғындар күннің аптап ыстығына қармастан шөп шабу науқанына кірісіп, өнімді еңбек етуде.
-Жаз айының ашық күндерін пайдаланып, лубендіктер биыл жоспарды артығымен орындайтын түрлері бар. 10 шөп шапқыш - агрегат тынымсыз жұмыс істеуде , шөпшілердің қиымылдары ширақ,-дейді ауыл әкімі Ғабділ Жұмашев .
Әсіресе,науқанда ыждағаттылығымен көзге түскен «Өнім» шаруа қожалығы (жетекшісі Ж.Байкатов) және жеке тұрғын Сергей Костюк шөпшілердің алдында келеді.
www.zhaikpress.kz
Айсұлу Арыстанова