4.07.2016, 16:57
Оқылды: 49

Шөпшілер қимылы ширақ

Шыңғырлау

Шыңғырлау

   Биылғы   жылы  лубендіктер мол мал азығын  жию қамында. Шыңғырлау ауданындағы селолық округтің шаруа қожалықтары науқанға  тиянақты әзірлікпен келіп,  әр гектарына 6 центнерден шөп орып, бүгінгі таңға 120 мың  центнер мал азығын  жиып алды.


    2000  гектар жердің жасыл майсасын  орған  10 шаруа  қожалығы және жеке тұрғындар күннің аптап ыстығына қармастан  шөп шабу науқанына  кірісіп, өнімді еңбек етуде.

   -Жаз айының ашық күндерін пайдаланып, лубендіктер биыл жоспарды артығымен орындайтын түрлері бар. 10 шөп шапқыш  - агрегат тынымсыз жұмыс істеуде , шөпшілердің қиымылдары ширақ,-дейді ауыл әкімі  Ғабділ  Жұмашев .

   Әсіресе,науқанда ыждағаттылығымен  көзге түскен  «Өнім» шаруа қожалығы  (жетекшісі  Ж.Байкатов) және  жеке тұрғын  Сергей Костюк шөпшілердің алдында келеді.

www.zhaikpress.kz
Айсұлу Арыстанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале