2.11.2016, 17:39
Оқылды: 57

Қазақстанның бірінші ракеткасын облыс әкімі қабылдады

 %d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bc  Бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ші ракеткасы Ярослава Шведованы облыс әкімі Алтай Көлгінов қабылдады. Өңір басшысы спортшының мығым жігері мен табандылығына жоғары баға берді.


    – Елбасымыз барлық өңірде спортты дамытуға қажетті жағдай жасау қажеттігін айтады. Сіздің спорт саласында қол жеткізген жетістіктеріңіз – облысымыздың жас теннисшілері үшін зор үлгі. Өңірде бұл спорт түрін дамытуға басым көңіл бөлінуде. Ал Орал қаласында жаңа теннис орталығының ашылуы тың серпіліс әкелді. Елдің даңқын асқақтар болашақ жеңімпаздарды тәрбиелеуге ерекше күш-жігер  жұмсалуда,  – деді Алтай Көлгінов.

  Ярослава Шведова, өз кезегінде, спортты дамытудың, әсіресе, жастарға көңіл бөліп, бойындағы ерен қабілетін ашуға ықпал етудің маңызы зор екенін айтты. Даңқты теннисші облыс басшысына жеңіс жолдарында жан серігі болған сүйікті ракеткасын сыйға тартты. Оралға алғаш келген спортшының теннис орталығында жасөспірім теннисшілер үшін шеберлік-сағатын өткізгені мәлім. Ол өңір жетекшісіне шара барысында алған әсерімен бөлісті.

  Шаршы алаңда тынымсыз тер төгіп, ел намысын қорғап жүрген спортшы алдағы Токио олимпиадасына дайындалмақ. Жақында Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) жеке разряд рейтингінде бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпаз-жүлдегері Ярослава Шведова әлемнің 33-ші ракеткасы дәрежесін сақтап қалғанын жариялаған болатын.  

 

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале