5.08.2016, 16:11
Оқылды: 6

Қазталовта Медиация күні аталып өтілді

«МЕДИАЦИЯ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТІЛДІ

5 тамыз күні аудандық соттың мәжіліс залында сот төрағасы Райбек Қайырбековтың төрағалық етуімен Республикалық «Медиация күніне» арналған дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелге Бостандық ауылдық округінің медиаторы Қ.Ғазизов, Бірік ауылдық округінің медиаторы С.Жанетов, Тереңкөл ауылдық округінің медиаторы Г.Қажымова, Қайыңды ауылдық округінің медиаторы Т.Иманғалиева және жергілікті учаскелік полицийлері қатысты.

Сот төрағасы Райбек Қайырбеков «Медиация» туралы Заң мен түсінігін шолып, мүмкіндіктерін баяндады.

Ал Тереңкөл ауылдық округінің медиаторы Г.Қажымова ауылдық округтерде медиация мен медиаторлар туралы кеңінен насихатталса жақсы болады. Себебі ауылдық жерлерде орын алатын отбасылық жағдайлар мен ұры-қарлықтарды сотқа жеткізбей-ақ түсінік жұмыстарымен шешуге болады деген ұсынысын білдірді.

Дөңгелке үстел соңында Респубикалық «Медиация күніне» орай ауылдық округтердің медиаторларына алғыс хаттар табыс етілді.

Гауһар ӘДІЛЖАН
Қазталов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале