8.06.2015, 20:35
Оқылды: 24

Қарақиядағы күрес кілемінде

Akjayik kARAKIA KYRES   Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қазақ күресінен 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында жауынгер-интернационалист, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Сәлімжан Әлиевті еске алуға арналған І республикалық турнирі өтті.

Оған Ақжайық ауданының Тайпақ ауылынан қатысқан Ерік Есенаман 38 келі салмақ дәрежесінде І орын иеленді. Оның жаттықтырушысы Мейірім Базаров болып табылады.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале