25.07.2016, 9:16
Оқылды: 90

«Қыз Жібек пен Төлеген» - Қазталовта

«ҚЫЗ ЖІБЕК ПЕН ТӨЛЕГЕН» ҚАЗТАЛОВТА 3         24 шілде күні « Төлеген мен Қыз Жібек» Меруерт Өтекешованың ата-анасының туған жері Жәнібек ауданынан келе жатып, Қазталовта аялдады.


Қазталовтың удан әкімі Нұрлан Бекқайырдың қабылдауында болғанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойында мәдениет пен өнерде жеткен табыстар туралы әңгіме айтылды. Бұдан кейін кино әлемінің саңлақтары өнер сүйер жұртшылықпен кездесті. Олар өнердегі кезеңдер туралы айтса, жұртшылық Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешованың қазақ мәдениетіне қосқан үлестеріне жылы лебіздерін білдірді.

Шарада Баян Қабиеваның шәкірттері кино  жұлдыздарына өнерінен шашу шашты. Домбырамен асқақтата салған әнге риза болған олар жас дарындарға болашақта өнердің биігінен көріне беруін тіледі.

Осындай жылы шырайлы кездесу  үшін өнер майталмандары рахмет айтып, ауданымыздың одан әрі дами беруіне тілектерін жеткізді.

Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале