28.10.2016, 19:25
Оқылды: 75

ҮЕҰ-ның белсенділігін арттыруға жете мән берілмек

%d1%83%d0%ba%d0%b8%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%82%d0%b8%d0%ba-%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d1%81-%d1%83%d0%b9%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d1%83%d0%bc%d1%8b%d1%81-%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d0%bcҚаламыздағы «Раrk Hotel» кешенінде облыстық үміметтік емес ұйымдардың форумы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.


          - Үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы өңіріміздегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі десем артық айтқандық емес. Ел тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде өңірімізде азаматтық қоғамның қарқынды дамуы байқалып отыр. Қазіргі таңда үкіметтік емес сектор мемлекетпен бірге халықтың әлеуметтік жағдайының артуына және азаматтық қоғамның дамуына өз үлесін қосуда. Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық көп жағдайда азаматтық қоғамның белсенділігіне байланысты. Облысымызда азаматтық сектор қоғамдағы көптеген мәселені жылдам әрі кәсіби түрде шешетін қоғамдық бірлестіктердің тұрақты жүйесі ретінде қалыптасқан.

Бүгінде елімізде 18 мыңнан аса ҮЕҰ тіркелген. Онда 30 мыңнан аса адам қызмет атқарып жүр. Біздің облысымызда 660 ҮЕҰ тіркелсе, оның алтыдан бірі ғана белсенді болып табылады. Осыдан-ақ үкіметтік емес ұйымдардың көпшілігі қағаз жүзінде жұмыс істейтінін көруге болады. Сол себепті бұл бағытта бізге біраз жұмыс істеуге тура келеді. Біз ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ҮЕҰ-ларға 14 бағыттағы 165 әлеуметтік маңызды жобалар бойынша 475 млн. теңгеден астам қаржы бөлдік. Бірақ талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, олардың бұл қаржыны игеру мен осы бағыттағы есептері тиісті талаптарға сай емес. Мұндайға енді жол бермеуіміз керек. Сол себепті мемлекет қаржысын тиімді жұмсаудың жаңа жолдарын қарастырғанымыз жөн.

Елімізде ҮЕҰ-мен бірігіп жобаларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар саны төрт есеге жуық артты. Ал облысымызда бұл көрсеткіш төмен болып тұр. Мәселен, ҮЕҰ-мен бірге жұмыс істейтін 200 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері болса, солардың ішінен біздің облыстан тек 5 басқарма (2,5 пайыз) бар. Бұл жұмысты жандандыру туралы тапсырма VІ Азаматтық форумда берілген болатын. Соған орай жаңа жылдан бастап осы басқармалардың қатарына облыстық мәдениет, құжаттама және мұрағат ісі, дене шынықтыру және спорт, дін істері, білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму сынды тағы да бес басқарма қосылуы керек,-деді өз сөзінде Алтай Көлгінов.

Форумға арнайы келген «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Өтешов жаңа құрылымның рөлі мен міндеттеріне, ҮЕҰ-ларды гранттық қаржыландыру жүйесіне тоқталды. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев ұйым әлеуметтік жобаларға жете мән бере бастағанын айтып, бұл бағыттағы ұсыныс-пікірлер ескелетінін жеткізді.

Жиын барысында сөз алған «БҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Әлия Сәлиеваның айтуынша, облысымыздағы ҮЕҰ-лар негізінен экологияны, балалар мен әйелдерді, бизнесті қорғауды, кедешілікпен күресті, ауруларды алдын алуды, білім мен ғылымды, салауатты өмір салтын дамыту бағытында қызмет етуде.

Жиын соңында белсенді жұмыстарымен танылған ҮЕҰ өкілдері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Сәкен Әбілхалықов

www.zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале