21.07.2016, 8:54
Оқылды: 32

Ұзақ жылдардан кейінгі жөндеу жұмыстары атқарылуда

жөндеу         Қазталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің орталығы Нұрсай ауылының жалпы білім беретін орта мектебі 30 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары  өтпеген еді.


Осыған дейін облыс, аудан басшылықтарының алдына талай рет мәселе етіп қойылған мектепті жөнедеуді түрлі себептермен  кейінге  ысырылып қалып жүрді. Биыл Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр халық алдындағы есептік кездесуінде қалайда осы жылы мектепті күрделі жөндеуден өткізетінін уәде еткен.

Қазіргі күні жұмыс атқарылып жатыр. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 162 млн, 636 мың теңге қаражат бөлініп, «Батыс Строй» ЖШС жөндеу жұмысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 60-қа жуық жұмысшы тартылса, оның 27-сі «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жұмыстанып келеді.

Бір айдан бері атқарылып келген жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында Қазталов  аудандық қоғамдық кеңес  және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының фракция мүшелері  Нұрсай ауылында болып қайтты. Олар жөндеуді жүргізіп жатқан құрылысшылармен  кеңестерін бөлісті.

«Батыс Строй» ЖШС жетекшілерінің айтуынша, жөндеу жұмыстары тамыздың 25- не дейін бітетін болады.

Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале