Шілденің 19 күні белгісіз біреу қаладағы Құрманғазы көшесінің бойында орналасқан «Теле-2 төлем қабылдау» пунктінің кассасынан 47 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен. Орал қ. ІІБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген іздестіру шаралары арқасында 1985 ж.т. қала тұрғыны анықталып, қолға түсті.
Сондай-ақ, шілде айының ішінде белгісіз біреу 6-шы шағын ауданында орналасқан көп қабатты пәтерлердің біріне кіріп, әйел адамның құндыз тонын және құндыз бас киімін ұрлап кеткен. Шығын 200 мың теңгені құрап отыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 1950 ж.т. қала тұрғыны анықталып, ұсталды.
БҚО ІІД баспасөз қызметі
www.zhaikpress.kz