22.08.2023, 14:45
Оқылды: 67

​10 000-нан астам педагог ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алады

Биыл жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінен 10 000-нан астам педагог ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алады.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

356ece00-e621-4230-9e5f-5a43db5072b2

Бұл бастама балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамытумен қатар, позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған.

Курс қорытындысы бойынша әрбір курс тыңдаушысы өзінің білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін жобалау бойынша кәсіби құзыреттілігінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін қорытындылау жұмысын қорғайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале