Орал қалалық полиция басқармасын басқарған Сағындық Аяғанов өз қызметінен кетті.
Бұл ақпаратты БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Айта кетейік, Сағындық Аяғанов қалалық полиция басқармасына былтыр тамыз айында тағайындалған болатын.
Сағындық Аяғанов Павлодар облысының полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz