Tengrinews.kz хабарлауынша, Астанада өтетін халықаралық Astana AI Film Festival (AAIFF) фестиваліне әлемнің 90-нан астам елінен 1900 өтінім түсті.

Фото: istockphoto.com
Жолданған жұмыстардың басым бөлігі АҚШ (17%), Үндістан (10%) және Қазақстан (8%) үлесіне тиесілі. Сондай-ақ үздік ондыққа Оңтүстік Корея, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Гонконг кірді.
Беделді халықаралық қазылар алқасының құрамында ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры Одрэ Азуле, China Film Group өкілі Ма Пин және Бейжің киноакадемиясының сарапшысы Ван Хао бар. Жобаның басты серіктесі – Freedom Holding Corp.
Ауқымды шара 2026 жылғы 1–3 қазан аралығында Astana AI Week аясында өтеді. Жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын конкурсқа ұзақтығы 3-тен 10 минутқа дейінгі толықтай нейрожелі көмегімен жасалған (full AI) қысқа метражды фильмдер қабылданады. Өтінімдер AAIFF сайтында 15 тамызға дейін екі бағыт бойынша жиналады: басты тақырып – The Future Worth Living In («Өмір сүруге тұрарлық болашақ», Гран-при – $450 000) және жекелеген номинациялар қарастырылған ашық секция.
Сонымен қатар Digital Bridge форумы аясында шеберлік сабақтары мен панельдік сессиялар ұйымдастырылады.