19.01.2022, 12:00
Оқылды: 94

102 мың теңгеге ресейлік нөмірлі автокөліктерді тіркеу - жалған!

Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының назарына! Мамандандырылған ХҚО-да 102 мың теңгеге ресейлік нөмірі бар автокөліктерді тіркеу туралы мэссенджерлер арқылы таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

EB5826D7-A0CD-49FE-970F-5D82BD27486B

Фотосуреттегі мемлекеттік нөмір 2022 жылдың 13 қаңтарында берілген, бірақ көліктің өзі 2002 жылы алғашқы тіркеуден өткен.

Көлікті қайта өңдеу және өзге де кедендік алымдарды қоспағанда, ресейлік нөмірі бар автокөлікті қайта тіркеу үшін көліктің шығарылған жылына байланысты 0,2-ден 500 АЕК-ке дейін төлеу қажет.
Азаматтардан автокөлік жүргізушілері арасында жалған ақпарат таратпауды сұраймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале