19.09.2026, 9:00
Оқылды: 3

103 млн теңге субсидия жымқырған қылмыстық топтың ісі аяқталды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Түркістан облысында ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды.

ЖП Сыбайлас

Тергеу нұсқасы бойынша, бұл қылмыстық схема үшінші тұлғаларға рәсімделген 4 жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ «Нұр-Келес» ЖШС және «Бимен С.» ЖШС арқылы жүзеге асқан. Күдіктілер бұл нысандарды өздеріне берілген ЭЦҚ, мөрлер және банк шоттарын басқаруға арналған нотариалды сенімхаттар арқылы толық бақылауда ұстаған.

​Аталған кәсіпорындар арқылы ақпараттық жүйелерге мал сатып алу, оның қолда бары және асылдандыру жұмыстары туралы жалған мәліметтер енгізіліп, кейін электрондық өтінімдер арқылы субсидиялар алынып отырған. Заңсыз алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген.

Шығынды өтеу мақсатында сот санкциясымен 2 тұрғын үйге, 4 автокөлікке, автотұрақ пен жер теліміне тыйым салынды.

Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале