11.11.2024, 10:30
Оқылды: 74

11-17 қараша күндері қандай спорт шаралары өтеді?

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі  11-17 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады.

image-11-11-24-09-21

9-12 қараша – Асық атудан ересектер арасындағы командалық Әлем кубогі. Жарысқа Қазақстан құрамасының 40 спортшысы қатысады.

Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.

9-13 қараша – Допты хоккейден ересектер арасындағы ҚР кубогі Турнирде еліміздің 15 өңірінен 115 спортшысы бақ сынайды.
Өтетін орны: Өскемен қаласы.

9-16 қараша – Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты. Жаһандық жарысқа әлемнің әр түкпірінен 100 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.

10-16 қараша – Пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты. Ел біріншілігінде 17 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Алматы қаласы.

10-17 қараша – Белбеу күресінен әлем чемпионаты (барлық жас санаты бойынша)
Татарстанның Қазан қаласындағы әлем біріншілігінде 30 елдің 700 спортшысы белдеседі. Қазақстан құрамасы сапынан 100 палуан қатысады.
Өтетін орны: Ресей, Қазан қаласы.

13-17 қараша – Джиу-джитсу халықаралық Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship турнирі. Халықаралық жарысқа әлемнің 10 елінен 500 спортшы қатысады. Ел намысын 28 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: БАӘ, Абу-Даби қаласы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале