Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Юрий Ильин Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының күндізгі оқу факультеті курсанттарының оқу бітіру салтанатты рәсіміне қатысты.
137 жас офицер Қазақстан ТЖМ қатарына қосылды.
Юрий Ильин өзінің құттықтау сөзінде жас лейтенанттарды оқуды сәтті аяқтауымен, алғашқы офицерлік атақты алуымен құттықтап, рухын көтеріп, батырлық танытуды және Отан қорғаушы атағына лайық болуды тіледі.