14.02.2022, 16:10
Оқылды: 89

15 ақпанда Қазақстанда күн райы құбылмалы болады

15 ақпанға Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен маңызды ауа райы құбылысының болжамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

220214153948613a3899158i

«Қазақстан Республикасының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, республиканың солтүстігі мен шығысында қалың қар жаууы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман, бұрқасын, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Облыстың солтүстігінде және Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аймақтарда жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысында, облыстың солтүстігінде – күшті қарлы боран, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын, желдің күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, батысында, Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда көктайғақ, таулы аудандарда - 15-20 жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысында боран соғады, облыстың солтүстігінде, батысында - тұман, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығыс жартысында - жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі, түнде солтүстікте облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале