Оралда 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 1 500 000 теңгеден төлемақы берілді. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызмет хабарлады.
Қазіргі таңда қаламызда 13 ҰОС ардагері тұрады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне бөлек, 15 санат бойынша бір жолғы төлемақы берілуде.
Оның ішінде тыл еңбеккерлері, ҰОС кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, Ленинградта қаланы қоршау кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер, Чернобыль, Ауғанстан, Таулы Қарабақ қақтығыстарының қатысушылары бар.
Жалпы Орал қаласында Жеңіс күніне орай барлығы 2 808 адамға 175 миллион теңге көлемінде төлемақы беріледі.
zhaikpress.kz