9.03.2017, 15:56
Оқылды: 42

160 ата-ана екпе жасатуға қарсы

Бұл туралы облыстық Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Жайдар Құрманов Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

-Ағымдағы эпидкезеңде тұмаудың А және Б түрлерінің 168 жағдайы тіркеліп отыр. Екпеге қарсылық білдірушілердің басым бөлігі Орал қаласының тұрғындары. 90 пайызы діни көзқарастары себебінен жасатпаса, тек 10 пайызы ғана жеке көзқарастарға байланысты 1 жасқа дейінгі сәбилерге алдын ала екпеге жол бермей отыр.

Департаменттің эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауының арқасында ЖРВЖ-мен ауру 6,8 есеге төмендеді, - деді Ж.Құрманов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале