Ауғанстан апат төніп тұр. Осы қыста 17 миллионнан астам адам аштықтан қаза табуы мүмкін. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы дабыл қағып отыр, өйткені көптеген отбасы бірнеше күн бойы ас-ауқатсыз отыр, деп хабарлайды BILD.

Фото: BILD
— Біздің топтарымыз отбасылардың бірнеше күн бойы тамақ ішпей, аман қалу үшін ең шектен шыққан шараларға барып жатқанын көріп отыр. […] Балалар арасындағы өлім-жітім артып келеді, ал алдағы айларда жағдай одан әрі ушығуы мүмкін, — деді ДАБ-тың Ауғанстандағы директоры Джон Эйлифф.
ДАБ-тың мәліметінше ел экономикалық дағдарыстан, сондай-ақ қуаңшылық пен жер сілкіністерінің салдарынан қатты зардап шегіп отыр. Азық-түлік бұрыннан тапшы болса, енді оған көршілес елдерден ауған азаматтарының жаппай депортациялануы салдарынан миллиондаған босқынның оралуы қосылды. Олардың көпшілігі әбден әлсіреген және ештеңесіз қалған. Алайда гуманитарлық көмек көлемі артып жатқан жоқ, керісінше қысқарып барады.
— Ауғанстандағы дағдарысты қайтадан қоғамдық назардың ортасына шығаруымыз қажет, сонда ең осал ауған азаматтары өздеріне лайықты назар мен көмекті ала алады, — деп ДАБ директоры Джон Эйлифф халықаралық қауымдастыққа үндеу тастады.
Дереккөз: ҚазАқпарат