18.11.2024, 10:06
Оқылды: 50

18-24 қараша аралығында қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

ҚР туризм және спорт министрлігі 18-24 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады.

62ca244f6479f5ec3e54e02064bd2b9a_1280x720

Фото: www.gov.kz

16-21 қараша – Жамбы атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты
Жарысқа еліміздің барлық облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 50 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы.

12-20 қараша – Фристайл-могулдан халықаралық турнир
Ел құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Идре қаласы, Швеция.

14-22 қараша – Боччадан халықаралық челленджер жарысы
Турнирге Қазақстан құрамасы қатысады.

Өтетін орны: Манама қаласы, Бахрейн.

11-19 қараша – Киберспорттан әлем чемпионаты
110-нан астам елден 600 спортшы жарысқа қатысады. Қазақстан құрамасынан 15 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Эр-Рияд қаласы, Сауд Арабиясы.

11-20 қараша – Шахматтан Қазақстан Республикасының кубогі (финал)
Турнирге еліміздің 17 өңірінен 130 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Алматы қаласы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале