18 мыңнан астам адам тамыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Шекті балды 52% талапкер жинады. Орташа балл – 54 балл. Ең жоғары балл – 128. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: bilimdinews.kz
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында тамыз ҰБТ-сына 100 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
ҰБТ өткізу барысында 77 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 44 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.
Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 33 адам шығарылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі.
Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.