19.10.2021, 16:31
Оқылды: 42

20 қазаннан бастап Қазақстанда карантиндік шектеулер жеңілдейді

20 қазаннан бастап Қазақстанда кейбір нысандар үшін карантиндік шектеулер жеңілдетіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

2021101910581277218_2021101909370816404_001-1

Ведомствоаралық комиссияда рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

  • медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлерінің келушілер) covid-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе берілген күнінен бастап үш тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар құжатты ұсынған кезде;
  • түнгі клубтардың қызметі тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларға арналған, ғимаратты 50%-ға дейін толтыру, бірақ:

"жасыл" аймақта 100 адамнан артық емес;
"сары" аймақта 70 адамнан артық емес;
"қызыл" аймақта 50 адамнан артық емес.

Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту:

  • "жасыл" аймақта – 3:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына 5:00-ге дейін;
  • "сары" аймақта – 1:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына 3:00-ге дейін.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале