21.07.2023, 0:43
Оқылды: 41

20 жасар Орал қаласының тұрғыны "Трамадол" дәрілік препаратын заңсыз сатқан

Шілденің 11 күні жедел-профилактикалық іс-шара жүргізу барысында БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Трамадол" дәрілік препаратын заңсыз сатқаны үшін 20 жасар Орал қаласының тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Бұл жөнінде БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

611e115a94511926408195

Суреттің дереккөзі: paryz.kz

Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта заңсыз дәрілік препараттарды сатқан тұлғаларды анықтау бағытындағы рейдтік іс-шаралар әлі де жалғасуда.

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале