Әлемде 20 жасында жаңалық ашып, миллионер атанғандар да кездеседі. Француз математигі және физигі Блез Паскаль төрт жасында эпистолярлық жанрда шығарма, тоғыз жасында «Музыка туралы» трактат жазыпты. Бірақ ол музыкант болып кетпеген, математикалық қабілеті ашылып, 13 жасында өзін мықтымыз деген математиктер оны іздеп келіпті деген деректер айтылады. Паскаль 16 жасында «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газ бен сұйықтықтардың қасиетін көп зерттеп, заңдылығын анықтаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын ашқан алғашқы адам болып есептеледі.
Солардың бірқатарына облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 14 мамырдағы №39 санында журналист Гүлсезім Бияшева «20 жасында танылғандар» атты мақаласында тоқтала кетеді.
zhaikpress