18.04.2024, 15:30
Оқылды: 56

20 жылдан астам су бармаған Батыс Қазақстан облысындағы Қамыс-Самар көлдеріне су жіберіле бастады

"Батыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы Жайық-Көшім суару жүйесінен Қамыс-Самар көлдеріне су жібере бастады. Айта кету керек, бұл көлдер жүйесіне соңғы 20 жылда су бармаған", - деп хабарлайды ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі.

a503c00b5fb1191c3c418dfdcc76c9f1_1280x720

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жайық-Көшім суару жүйесіне жататын су қоймаларының жұмысын бақылады. Тасқын суын қабылдау үшін «Қазсушар» мекемесі өз иелігіндегі су қоймаларында бос орындар дайындап жатыр.

Қазіргі таңда Жайық-Көшім жүйесінің су қоймаларының каскадына 193,2 млн текше метр немесе 74,2% су жиналды. Жүйеге Жайық өзенінен секундына 115 текше метр су келуде.

Жиналған судың бір бөлігі 87 мың гектар лиманды шабындық алқабын суару үшін пайдаланылып жатыр. Сондай-ақ, өңірдегі шағын су қоймалары мен Көшім өзенінің төменгі ағысына жіберілуде.

513877a64f011a58038b13f8ab678361_1280x720

«Басты міндет - су қоймаларын 100% толтырып, жиналған суды ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларында тиімді пайдалану. Сондай-ақ, тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу арқылы елді мекендерді су басу қаупін азайтуымыз керек. Еріген қар суын шабындық алқаптарды суаруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға да ұтымды пайдалану маңызды. Бұл іс-шаралардың барлығы Атырау облысына келетін тасқын суын барынша азайтуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале