Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов халық алдындағы есеп беру кездесуінде осылай деді.
Облыс басшысының айтуынша, өңірімізде тұрғындардың 93,6 пайыздан астамы яғни, 275 ауыл, 593 мың тұрғын газбен қамтылған. Өткен жылы Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау, Теректі аудандарының 17 аулына газ тартылып, 8 мыңнан астам жерлесіміз көмір мен отын жағудан құтылды.
Биыл жоғарыда айтылған аудандармен қатар Бөкей ордасы ауданының 11 елді мекені, Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек және Сырым аудандарынан 23 елді мекенге газ жеткізіледі.
zhaikpress.kz