28.12.2021, 15:00
Оқылды: 93

2022 жылдың І-жартыжылдығында 9 млн адам ревакциналаудан өтуі қажет – Асқар Мамин

2022 жылдың І-жартыжылдығында 9 млн адам ревакциналаудан өтуі қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8

«Қазақстанда жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Инфекциялық ауруханалар мен реанимациядағы орындардың 17 пайызы толық. Коронавирус инфекциясымен ауруханаларға жатқызу және ауыр жағдайлар саны айтарлықтай азайды. Өңірлердің көбі «жасыл» аймақта. «Сары» аймақта екі өңір: Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстан облысы. Әлемде науқастанудың көбеюін ескерсек, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды жалғастыру қажет. Ғимараттарда, қоғамдық көлікте бетперде кию және адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік арақашықты сақтау қатаң түрде міндеттеледі», - деді Асқар Мамин бүгін Үкімет отырысында.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Бұл 18 жастан асқан халықтың 80 пайызына жуығы. Шамамен 8,5 млн адам екінші компонент салдырды. Бұл - 75 пайыз.

«Жаппай ревакцинациялау бойынша жұмысты күшейту керек. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 9 млн адам ревакциналаудан өтуі қажет. Ақпарат, Денсаулық сақтау министрліктері және әкімдіктер халық арасында ревакцинациялау қажеттілігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын белсенді жүргізуі тиіс», - деген Үкімет басшысы бұл тапсырмаларды бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале