27.01.2023, 12:45
Оқылды: 49

2022 жылы Қазақстанның барлық облысында туризм көрсеткіштері өскен

Өткен жылы 8 млн қазақстандық ел ішінде саяхаттаған және әрбір төртінші турист ұлттық парктерге барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

«Туризм саласы пандемиядан кейін қалпына келіп жатыр. Соңғы 9 айда қазақстандық ішкі туристер саны 6,5 млн болды. 2022 жылдың қорытындысы – 8 млн шамасында болады деп отырмыз. Бұл біздің 2025 жылға қойған көрсеткіш болған. Еліміздегі турист саны өсті, соған сәйкес жатын орын саны да өсуде. Жыл басынан бері 11 мың жатын орын немесе 5 мың қонақүй нөмірлері жаңадан пайдалануға берілді», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризмді дамыту мәселелері жөніндегі көшпелі алқа отырысында.

Спикердің айтуынша, Қазақстанның барлық аймағында туризм көрсеткіштері өскен. Атырау облысында өткен жылы туристер саны 3 есеге өскен, бұл өңірдегі бизнес туризмнің қалпына келгенін, дамып жатқанын білдіреді.

«Елдегі әрбір төртінші туристің ұлттық парктерге барғаны қуантады. Өздеріңіз білесіздер, республикамызда 14 ұлттық парк тіркелген, онда орман, мұздықтар, көл мен құм секілді планетаның барлық экожүйесі бар. Өткен жылы ұлттық парктерге 2 млн турист барған, бұл абсолюттік рекорд», - деді Е. Еркінбаев.

Айта кетейік, Бурабай курортында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласын дамытуға арналған кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале