27.02.2023, 12:45
Оқылды: 20

2023 жылғы бірінші ақпанда 350 мыңнан астам адам АӘК алды

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдайға сүйенсек, 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Биыл  осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

акша жп 2

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген  әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

Ағымдағы  жылдың 1 ақпандағы жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 106,4 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале