Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Аталған заң жобасы аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне өзгеріс енгізіледі. Осы жөнінде толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында.
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты және базалық бөліктерден тұратын зейнетақының ең төменгі мөлшері 77 417 теңгені құрайды. Бұл ретте ынтымақты бөлігі 53 076 теңге болып белгіленіп, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 24 341 теңгеге өзгереді.
Сондай-ақ зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 10,5 пайызға арттыру қарастырылған.