2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа көрсеткіштер күшіне енді. Бұл қатарда зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш те бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фото: Tengrinews.kz
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 3692 теңгеге дейін өсті. АЕК салықтар мен міндетті жарналарға, әкімшілік айыппұлдар мен қылмыстық жазаларға, заңды тұлғалардың экономикалық көрсеткіштеріне, жәрдемақыларға және айлық есептік көрсеткіштердің белгілі бір саны бойынша өлшенетін басқа да әлеуметтік төлемдерге әсер етеді.
АЕК әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылады, мысалы:
Ең төменгі жалақы (ЕТЖ)
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге болады. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларғе осы ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде жалақы төлеуге міндетті.
Зейнетақы
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге, жиынтық + базалық - 86 068 теңге, ал базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеге дейін өзгерді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге. Күнкөріс деңгейі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшеріне де әсер етеді.