28.08.2024, 17:15
Оқылды: 867

2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бөлінеді – Қаржы министрлігі

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы қаралды.

F506985E-8D2A-426B-858C-F840A7400B83

Сурет: pixabay.com

Оған сәйкес, келесі жылы 21,7 трлн теңге (2026 жылы – 19,4 трлн теңге; 2027 жылы – 20,9 трлн теңге) деңгейінде түсімдер болжанған. Сонымен қатар Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тарту жоспарлануда. 2025 жылға арналған бюджет шығыстары 25,8 трлн теңгені құрайды.

Айта кету керек, бюджет әлі күнге әлеуметтік бағытта қалып отыр. Қазақстан Үкіметі аталған салаға 9,8 трлн теңге бөлді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге артық.

ҚР Қаржы министрлігінің деректері бойынша шығыстардың негізгі бөлігі инфляция деңгейіндегі әлеуметтік төлемдерді индексациялаумен (базалық зейнетақы мен жәрдемақы 6,5%-ға, ортақ зейнетақы 8,5%-ға), гранттар санының қосымша 2,5 мың орынға артуымен, ЖОО студенттеріне шәкіртақы мөлшерін 15-20%-ға ұлғайтумен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтуды арттырумен байланысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале