30.12.2024, 15:30
Оқылды: 198

2025 жылы Қазақстандағы зейнетақы мөлшері өседі

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрі инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 %-ға өседі. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

Ақша JP

Ынтымақты зейнетақыны – 8,5 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып арттыру көзделген.

Базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылады, бұл 32 360 теңге.

Ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңге болады.

Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале