13.04.2023, 12:15
Оқылды: 62

222 мыңға жуық адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

Осы жылғы 1 сәуірдегі мәліметке сүйенсек, 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 222,5 мың адам қатысты. 152,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 48,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Frame 85

Субсидияланатын жұмыс орындарына 103,4 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,1 мың адам, жастар практикасымен 5,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 76 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 66 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 7,4 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 14 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 12,4 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 53,6 мың адамды қамтылды, оның ішінде 39,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Сонымен қатар, қызмет саласын таңдау мақсатында 40,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале