3.11.2022, 15:00
Оқылды: 34

“230 млн доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар”: Сатыбалдыұлының мүлкі мемлекетке қайтарылды

 Қайрат Сатыбалдыұлының қылмыстық жолмен табылған мүлкі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

7cfc3238-14bc-49a6-b4dd-7ad0238acbed-960x500
«ТМД-дан тыс елдерде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сотталушыларға тиесілі құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар анықталып, мемлекет кірісіне қайтарылды», - деді Антикор.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион доллар салғанын анықтады. Бұл сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале