Орал қаласындағы дүкендердің бірінде белгісіз біреу төлем қабылдайтын кассада жатқан «Kaspi Pay» терминалын білдіртпей алып кеткен. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі (Видеодан скриншот)
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздеу іс-шаралары барысында 1983 жылғы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру барысында оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Терминалды қолды қылған күдікті оны 3 мың теңгеге сатып жіберген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 "Ұрлық” бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
zhaikpress.kz