20.02.2023, 22:19
Оқылды: 66

«Kaspi Pay» терминалын білдіртпей алып кеткен

Орал қаласындағы дүкендердің бірінде белгісіз біреу төлем қабылдайтын кассада жатқан «Kaspi Pay» терминалын білдіртпей алып кеткен. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

WhatsApp Image 2023-02-20 at 20.12.58

Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі (Видеодан скриншот)

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіншежедел-іздеу іс-шаралары барысында 1983 жылғы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру барысында оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Терминалды қолды қылған күдікті оны 3 мың теңгеге сатып жіберген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 "Ұрлық” бабының  1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале