29.10.2026, 15:15
Оқылды: 8

Күзгі демалыс: полиция ата-аналарға ескерту жасады

Оқу демалысы кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астанада полиция ата-аналарға ескерту жасады, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі. 

Полиция ЖП

Демалыс уақытында балалардың бос уақыты көбейіп, достарымен серуендеуге жиі шығатыны белгілі. Осыған байланысты ата-аналардан балаларының қайда жүргенін, кіммен бірге уақыт өткізетінін және үйге қай уақытта оралатынын бақылауда ұстау сұралады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болуына тыйым салынады.

Аталған талаптарды бұзған жағдайда ата-аналар немесе заңды өкілдер заңнамада көзделген жауапқа тартылады.

Полиция қызметкерлері демалыс уақытында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

Полиция ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеуге және қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале