28.10.2026, 16:15
Оқылды: 23

Жолдау - 2026: Президенттің шешімі ауыл жолдарының мәселесін шешуге ықпал етеді

Расымен де, жолдың жайын жүрген біледі деген рас. Біздің елімізде жолдарды дұрыстау, оны әлемдік стандартқа сай салу, таза отандық шикізатты айдалану туралы аз айтылып та, жазылып та жүрген жоқ. Соның өзінде де жол мәселесіне деген сын азаймай келе жатқаны шындық. Осы мәселені бүгін ел Президенті өзінің Жолдауында өткір мәселе ретінде көтерді.

жп жол (3)

Сурет: Сайт архивінен 

Енді еліміздегі барлық жолдардың құрылысы мен сапасына, оны республикалық, облыстық, аудандық деп бөлместен Көлік министрлігі жауап беретін болды. Бұл өте дұрыс қабылданған шешім деп ойлаймыз. Өйткені, ауыл-аудандағы жол мәселесін шешерде ауыл ауданнан, аудан обысқа, облыс республикаға қарап, бұл саладағы жұмыстың уақытылы және сапалы жүргізілуіне өз мүдделілілігін жеткізе де алмай жатады. Енді міне, қай сауалға да белгілі бір нақты сала жауапкершілікті мойнына алатын болса және қағазбастылықтан айырылып, жол салынып жатқан жерге өздері де ат іздерін салып тұратын болса салынғанына бір жыл толмастан шұрқ тесік болып жататын жолдардың сапасы жақсарар бәлкім.

Сонымен қатар Шыңғырлау-Алмаз бағытындағы жолдарды ауыр жүк көліктерінің «меншіктеп» алғанына да біраз уақыт болды. Әуелі шектеулер қойылып, одан кейін ол алынып тасталды. Осыған да бір нақты шешім қажет-ақ, әйтпесе өлгенде көрген жолымыздың сапасы жоғалып, баяғы таз қалпымызға түсіп қалмайық. Сондықтан да Қ.Ж.Тоқаевтың Көлік министрлігіне тікелей жауапкершілік жүгін жүктегені ауыл-аймақтардағы көп мәселелердің түйінін шешер деп сенеміз.

                                                                                                                       Гүлшат Ботанова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале