28.10.2026, 9:45
Оқылды: 23

Бөрлі ауданында мұғалімдер дрон ұшырды

Жарсуат ауылының спорт кешенінде Бөрлі ауданы Ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің қолдауымен “Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының” ұйымдастыруымен «Үздік алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі» байқауы өтті. Сайыстың ережесіне сай қатысушылар әдеттегі сайыстардай емес, бұл жолы басқа деңгейде сынға түсті.

WhatsApp Image 2026-10-28 at 11.31.41

Олай дейтін себебіміз сайыстың бөлімдері “Дрон-мастар”, АI педагог”, “Кибербой”, “Әскери IQ», “Цифрлық командир” секілді атаулермен өтті. Соған сай қатысушылар жаңа технологияның қыр-сырын беске білуі бағаланды. Сайыстың негізі мақсаты да ұстаздардың мәртебесін көтеру, оқушылароды партиоттық тәрбие бағытындағы жұмыстарды жандандырудағы мұғалімдердің рөлін нығыйту.

Сайыстың ерекшелігі сол қатысушылар дрондарды қашықтан басқарып, кедергілерден өткізіп, қауіпсіз қондыра алу шеберліктерін танытты. Онымен қосы жасанды интеллектті алғашқы әскери дайындық пәнінде тиімді пайдаланудың жаңаша жолдарын ұсынып, ойларын ортаға салды. Бұл сайыста білектің емес білімнің маңыздылығы алдыңғы орынға шақты.

-Алғашқы әскери дайындық пәні оқушылардың бойында отанға деген адалдықты насихаттаудағы маңызы зор екені белгілі. Сондықтан бүгінгі күні білімді сынға салып, ерекше сайыс ұйымдастырлып жатыр. Бүгін білігі мен білімі келіскен ұстаз жеңіске жетеді деп сенеміз,-дейді сөз басында аудандық білім беру бөлімінің алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әдіскері Нұрбол Ибрашев.

WhatsApp Image 2026-10-28 at 11.31.41 (1)

Сайыс қорытындысы бойынша Ақсай қаласы №7 ЖОББМ мұғалімі Бақытжан Үмбетов үздік атанып, гранприді иеленді. Приурал МББК мұғалімі Вячеслав Тутуров бірінші орынды, Жарсуат ЖОББМ мұғалімі Денис Колесник екінші орынды еншіледі. Пугачев МББК мұғалімі Абай Мұстафин үшінші орынға қол жеткізді.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале