Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, жеке кәсіпкер Жарқын Тажғалиев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ал Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында» тракторшы-механизатор болып еңбек ететін Сеилхан Дүйсен ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды.


Еңбек адамын ұлықтау – елге қызмет етуді бағалаудың жарқын көрінісі. Мемлекеттік наградалар – азаматтардың табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігіне берілген жоғары баға. Қай салада болмасын өз міндетін жауапкершілікпен атқарып, ел игілігіне үлес қосып жүрген жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Олардың өнегелі жолы жас ұрпақты адалдыққа, еңбекқорлыққа және туған жерге қызмет етуге баулиды. Еңбек қадірленген жерде береке артып, елдің дамуына жол ашылады.
Р.Абай