Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің дамуына, қоғамның өркендеуіне және түрлі саланың ілгерілеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Салтанатты шарада облыс әкімінің міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов аймақ басшысының атынан ұлттық мерекемен құттықтап, марапат иелеріне ізгі тілегін білдірді.
Мемлекеттік наградаға ие болған азаматтардың қатарында білім саласының өкілдері де бар.
Шыңғырлау ауданынан «Шыңғырлау колледжі» директоры, физика пәнінің мұғалімі Серікбай Жұмагулов «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді.
С. Өсәлім,
Шыңғырлау ауданы